Этамзилат в растворе — инструкция по применению

Инструкция по применению этамзилата в растворе, описание действия препарата, показания к применению раствора этамзилата, взаимодействие с другими лекарствами, применение этамзилата (раствор) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Этамзилат
Международное название: Этамзилат
Лекарственная форма: Раствор для инъекций 12,5 %
Показания к применению:
Атс классификация:
B Средства, влияющие на систему крови и гемопоэз
B02 Антигеморрагические средства
B02B Витамин к и другие гемостатические средства
B02B X Прочие гемостатические средства для системного применения
Фарм. группа:
Гемостатики. Витамин К и другие гемостатики. Прочие системные гемостатики. Этамзилат. Код АТХ B02B X01.
Условия хранения:
Хранить в защищенном от света месте при температуре от 15 0С до 25 0С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не применять по истечении срока годности, указанного на упаковке.
Условия продажи: По рецепту.
Описание:
Прозрачная, бесцветная или со слегка кремоватым оттенком жидкость.

Состав этамзилата в растворе

1 мл раствора содержит
1 мл ерітіндінің құрамында

Активное вещество этамзилата

этамзилат 125 мг
125 мг этамзилат

Вспомогательные вещества в этамзилате

натрия метабисульфит, натрия сульфит безводный, динатрия эдетат (Трилон Б), вода для инъекций
натрий метабисульфиті, сусыз натрий сульфиті, динатрий эдетаты (Трилон Б), инъекцияға арналған су

Показания к применению раствора этамзилата

Профилактика и остановка кровотечений при оперативных вмешательствах:
  • в оториноларингологии (тонзилэктомия, микрохирургические операции на ухе)
  • офтальмологии (кератопластика, удаление катаракты, противоглаукомные операции)
  • в стоматологии (удаление кист, гранулем, экстракция зубов)
  • в урологии (простатэктомия)
  • в хирургии (операции на хорошо васкуляризованных органах и тканях)
  • в гинекологии
  • в травматологии
  • в экстренных случаях при легочных, кишечных кровотечениях
  • метро- и меноррагии при фибромах
  • диабетические ангиопатии
  • геморрагические диатезы (в том числе в экстренных случаях)
Операциялық араласуларда қан кетуін тоқтату және алдын алу үшін:
  • оториноларингологияларда (тонзилэктомияда, құлаққа шағын хирургиялық операция жасауда)
  • офтальмологияда (кератопластикада, катарактаны аластағанда, глаукомаға қарсы операцияда)
  • стоматологияда (киста, гранулемаларды алып тастауда, тіс экстракциясында)
  • урологияда (простатэктомияда)
  • хирургияда (жақсы тамырланған ағзалар мен тіндерге операция жасағанда)
  • гинекологияда
  • травматологияда
  • өкпеден, ішектен қан кетулер кезіндегі шұғыл жағдайларында
  • фибромалар кезіндегі метро- және меноррагияларда
  • диабеттік ангиопатияда
  • геморрагиялық диатездерде (сонымен қоса шұғыл жағдайларда)

Противопоказания этамзилата в растворе

  • повышенная чувствительность к препарату
  • геморрагии, вызванные антикоагулянтными средствами
  • тромбозы или эмболии в анамнезе
  • период лактации
  • бронхиальная астма
  • гемобластоз у детей (лимфатическая и миелоидная лейкемия, остеосаркома)
  • острая порфирия
  • препаратқа жоғары сезімталдық
  • антикоагулянттық дәрілер туғызған геморрагиялар
  • сыртартқысындағы тромбоздар немесе эмболиялар
  • лактация кезеңі
  • бронх демікпесі
  • балалардағы гемобластоз (лимфатикалық және миелоидты лейкемия, остеосаркома)
  • жедел порфирия

Побочные действия раствора этамзилата

  • головная боль, головокружение
  • снижение артериального давления, ощущение тяжести в области сердца
  • гиперемия лица, парестезии нижних конечностей
  • аллергическая сыпь
  • изжога
  • аллергические реакции (кожные высыпания, анафилактический шок, опасные для жизни приступы астмы)
  • боль в спине
  • тошнота, горечь во рту, эпигастральная боль, диарея
  • бас ауыруы, бас айналуы
  • артериялық қысымның төмендеуі, жүрек маңында ауырлықты сезіну
  • бет гиперемиясы, аяқ парестезиялары
  • аллергиялық бөртпе
  • қыжыл
  • аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, анафилактикалық шок, өмірге қауіпті демікпе ұстамалары)
  • арқаның ауыруы
  • жүрек айнуы, ауыздың ащы дәм татуы, эпигастральдік ауыру, диарея

Особые указания к применению

Требуется соблюдать осторожность у пациентов с тромбозом или тромбоэмболией в анамнезе. При геморрагических осложнениях, связанных с передозировкой антикоагулянтов, необходимо использовать специфические антидоты. Этамзилат назначают только как вспомогательное средство и, главным образом, при нарушениях тромбоцитарно- сосудистого компонента гемостаза. Препарат не эффективен у пациентов с тромбоцитопенией.

С осторожностью назначают пациентам с нарушениями сердечного ритма и стенокардией напряжения.
Этамзилат содержит сульфиты, по причине чего требуется так же соблюдать осторожность при введении его больным с бронхиальной астмой и аллергией. В случае возникновения аллергических реакций лечение следует немедленно прекратить

Беременность
Применение Этамзилата при беременности возможно только в том случае, если ожидаемый эффект терапии превышает потенциальный риск для плода.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Во время терапии следует с осторожностью заниматься опасными видами деятельности, требующими быстроты двигательных и психических реакций (в т.ч. вождение автомобиля), так как препарат может вызывать преходящие головокружение или снижение артериального давления.
Сыртартқысында тромбозы немесе тромбоэмболиясы бар науқастарға тағайындағанда сақтық таныту керек. Антикоагулянттарды артық дозалауға байланысты геморрагиялық асқынуларда арнайы у қайтарғыны пайдалану керек. Этамзилатты негізінен гемостаздың тромбоцитарлы-қантамырлар компоненті бұзылған кезінде қосымша дәрі ретінде тағайындайды. Препараттың тромбоцитопениясы бар емделушілерге әсері болмайды. Жүрек ырғағы бұзылғанда және жүктеме кезіндегі стенокардиясы бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Этамзилат құрамында сульфиттер бар, сол себепті де оны бронх демікпесі және аллергиясы бар науқастарға сақтықпен енгізу талап етіледі. Аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда емдеуді дереу тоқтату керек.

Жүктілік
Этамзилатты жүктілік кезінде тек емнің болжамды әсері ұрыққа төнетін зор қауіптен артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде қозғалыс және психикалық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіпті қызмет түрлерімен (оның ішінде автомобиль жүргізу), сақтықпен айналысу керек, өйткені препарат өтпелі бас айналуын немесе артериялық қысымның төмендеуін туындатуы мүмкін.

Дозировка и способ применения

Этамзилат применяют внутривенно, внутримышечно, субконъюнктивально или ретробульбарно. С профилактической целью взрослым препарат вводят внутривенно или внутримышечно за 1 час до операции по 0,25-0,5 г (2-4 мл 12,5 % раствора). При необходимости во время операции вводят внутривенно в дозе 2-4 мл 12,5 % раствора. При опасности послеоперационного кровотечения вводят с профилактической целью 4-6 мл 12,5 % раствора в сутки. В лечебных целях, в экстренных случаях, взрослым Этамзилат вводят внутривенно или внутримышечно (2-4 мл 12,5% раствора), а затем по 2 мл через каждые 4-6 часов. При лечении метроррагий и меноррагий Этамзилат назначают по 0,25 г (2 мл 12,5 % раствора) парентерально через каждые 6-8 часов в течение 5-10 дней, а в дальнейшем – по 0,25 г (2 мл 12,5 % раствора) парентерально 2 раза в день в период кровотечения и 2-х последующих циклов.

При диабетических ангиопатиях взрослым Этамзилат назначают внутримышечно (10-14 дней) по 2 мл 2 раза в день.

Субконъюнктивально или ретробульбарно (кератопластика, удаление катаракты, операции при глаукоме и др.) вводят 1 мл 12,5 % раствора.

Детям, включая новорожденных, при тяжелых геморрагиях препарат вводят однократно внутривенно или внутримышечно по 0,5-2 мл с учетом массы тела (10-15 мг/кг).

Можно применять раствор для инъекций местно: стерильный тампон, пропитанный препаратом, прикладывают к ране.

Максимальная разовая доза для взрослых составляет 4мг (0,5г), суточная 14мг (1,75г).
Этамзилатты көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне, субконъюнктивальді немесе ретробульбарлы қолданады. Ересектерге алдын алу мақсатымен препаратты көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне операцияға дейін 1 сағат бұрын 0,25-0,5 г-нан (12,5% ерітіндінің 2-4 мл-ін) енгізеді. Операция кезінде қажет болғанда көктамыр ішіне дозасы 2-4 мл 12,5% ерітінді енгізеді. Операциядан кейінгі қан кетулер қаупі болғанда алдын алу мақсатымен тәулігіне 12,5% ерітіндінің 4-6 мл-ін енгізеді. Емдеу мақсатында, шұғыл жағдайларда ересектерге Этамзилатты көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне (12,5% ерітіндінің 2-4 мл-ін), ал одан кейін әр 4-6 сағат сайын 2 мл-ден енгізеді. Метроррагияны және меноррагияны емдеуде Этамзилатты 0,25 г-нан (12,5% ерітіндінің 2 мл-ін), парентеральді 5-10 күн бойы әр 6-8 сағат сайын, ал әрі қарай – 0,25 г-нан (12,5% ерітіндінің 2 мл-ін) қан кету кезінде және келесі 2 циклінде парентеральді күніне 2 рет тағайындайды.

Диабеттік ангиопатияларда Этамзилатты ересектерге бұлшықет ішіне күніне 2 рет 2 мл-ден (10-14 күн) тағайындайды. Субконъюнктивальді немесе ретробульбарлы (кератопластика, катарактаны алып тастау, глаукома кезіндегі операция және басқаларында) түрде 12,5% ерітіндінің 1 мл-ін енгізеді. Балаларға, жаңа туған балаларды қоса алғанда, ауыр геморрагияларда препаратты көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне дене салмағын ескере отырып (10-15 мг/кг) 0,5-2 мл-ден бір рет енгізу керек. Инъекцияға арналған ерітіндіні жергілікті қолдануға болады: препарат сіңірілген стерильді тампонды жараға қою керек. Ересектерге арналған ең жоғарғы бір реттік доза 4 мг (0,5г), тәуліктік 14 мг (1,75г) құрайды.

Взаимодействие с лекарствами

Раствор Этамзилата нельзя смешивать в одном шприце с другими препаратами. При совместном применении с реополиглюкином полностью ингибируются эффекты обоих препаратов. При необходимости внутривенного капельного введения препарата, Этамзилат добавляют к раствору глюкозы или физиологическому раствору натрия хлорида.
Этамзилат ерітіндісін басқа препараттармен бір еккіште араластыруға болмайды. Реополиглюкинмен біріктіріп қолданғанда екі препараттың да әсері толық тежеледі. Препаратты көктамыр ішіне тамшылатып енгізу қажет болғанда Этамзилатты глюкоза ерітіндісіне немесе натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісіне қосу керек.

Передозировка этамзилатом в растворе

Данных о передозировке препарата нет. Побочные эффекты имеют преходящий характер и не требуют принятия специальных мер.
Препараттың артық дозалануы туралы деректері жоқ. Жағымсыз әсерлері өтпелі сипатта және арнайы шара қолдануды талап етпейді.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

После внутривенного (в/в) или внутримышечного (в/м) введения Этамзилата в дозе 500 мг концентрация его в плазме крови через 1 час составляет 30 мкг/мл. Гемостатический эффект при в/в введении Этамзилата наступает через 5-15 минут, максимальный эффект – через 1-2 часа, действие продолжается 4-6 часов. При в/м введении гемостатический эффект наступает через 30-60 минут. Период полувыведения после в/в применения составляет 1,9 часа, после в/м - 2,1 часа. С белками плазмы крови связывается 95 % введенного препарата. Этамзилат не метаболизируется и выводится из организма в неизмененном виде преимущественно с мочой ( 80 %), частично выводится с желчью и калом.
Этамзилатты 500 мг дозада көктамыр ішіне (к/і) немесе бұлшықет ішіне (б/і) енгізгеннен кейін қан плазмасындағы оның концентрациясы 1 сағаттан соң 30 мкг/мл құрайды. Этамзилатты к/і енгізгенде гемостатикалық тиімділігі 5-15 минуттан кейін, ең жоғарғы тиімділігі – 1-2 сағаттан соң орын алады, әсері 4-6 сағатқа жалғасады. Б/і енгізгенде гемостатикалық әсері 30-60
минуттан соң басталады. К/і енгізгеннен кейінгі жартылай шығарылу кезеңі 1,9 сағатты, б/і енгізгеннен кейін - 2,1 сағатты құрайды. Енгізілген препараттың 95%-ы қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады. Этамзилат метаболизденбейді және организмнен негізінен өзгермеген түрде несеппен ( 80 %), ішінара өтпен және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамика

Препарат обладает гемостатическим эффектом. Кровоостанавливающее действие обусловлено усилением взаимодействия между эндотелием и тромбоцитами, что способствует адгезии и агрегации тромбоцитов, и, в конечном счете, приводит к остановке или уменьшению кровотечения. Этамзилат стимулирует образование тромбоцитов и выход их из костного мозга, ускоряет образование тканевого тромбопластина, способствует увеличению скорости образования первичного тромба в месте поражения и усилению его ретракции. Этамзилат усиливает образование в стенке капилляров мукополисахаридов с большой молекулярной массой, повышает резистентность капилляров, нормализует их проницаемость при патологических процессах и улучшает микроциркуляцию. На фоне лечения Этамзилатом восстанавливаются патологически измененные показатели гемостаза.
Препараттың гемостатикалық әсері бар. Қан тоқтату әсері эндотелий мен тромбоциттердің өзара әсерінің күшеюіне байланысты, ол тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясына түрткі болады, бұл түптеп келгенде қан кетуінің тоқтауына немесе азаюына әкеледі. Этамзилат тромбоциттердің түзілуін және олардың жілік кемігінен шығуын көтермелейді, тромбопластин тіндерінің түзілуін жылдамдатады, зақымданған жерде алғашқы тромб түзілуінің жылдамдығын арттыруға және оның ретракциясын күшейтуге ықпал етеді. Этамзилат молекулярлық массасы үлкен мукополисахаридтердің қылтамырлар жақтауында түзілуін күшейтеді, қылтамырлар төзімділігін жоғарылатады, патологиялық үдерістерде олардың өткізгіштігін қалыпқа келтіреді және микроайналымды жақсартады. Этамзилатпен емдеу аясында гемостаздың патологиялық өзгерген көрсеткіші қайта қалпына келеді.

Упаковка и форма выпуска

По 2 мл препарата разливают в ампулы из стекла. По 10 ампул вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках и скарификатором или диском ре¬жущим керамическим помещают в пачку из картона. При наличии на ампуле кольца из¬лома или точки излома скарифика¬тор или диск режущий керамиче¬ский в пачку не вкладываются.
2 мл препараттан шыны ампулаларға құяды. 10 ампуладан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және скарифика¬торы немесе кесетін керамикалық дискімен бірге картон пәшкеге салынады. Ампулада сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі болған жағдайда пәшкеге скарифика¬тор немесе кесетін керамикалық диск салынбайды.